Астана полициясы дипломат күйеуінен зәбір көргенін айтқан қазақстандық Карина Мамаштың ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды", – деп хабарлады Астана полициясының баспасөз қызметі.
Сыртқы істер министрлігі де жағдайға пікір білдірді.
"Біз бұл қызметкерді шұғыл түрде Қазақстанға шақырып жатырмыз, енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады", – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу