"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 1,5 млрд теңге бөлінді

1169

Оны 160 жас маман ала алады. 

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 1,5 млрд теңге бөлінді

Биыл Павлодар облысында еңбек жолын бастайтын жас қызметкерлерге қаржылай қолдау ретінде 1,5 млрд теңге қарастырылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жергілікті экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Әлібек Қаленовтің айтуынша, жастарға 4,6 млн теңге (1500 АЕК) көлемінде бюджеттік несие және 300 мың теңге (100 АЕК) көтермеақы беріледі.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасына ауылдық жерлерде денсаулық, білім, әлеуметтік қамту, ветеринария саласында жұмыс істейтін жастар мен ауылдық округ әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. Биылға бөлінген қаржы 160 маманға арналып отыр. Бірақ бағдарлама бойынша жеңілдетілген несиені алу үшін соңғы екі жылда банктерге қарыз болмау керек", – дейді Әлібек Қаленов.

Жалпы бағдарлама іске қосылған 2009 жылдан бастап Павлодар облысында 2 600 жас маман оның игілігін көріп, көтермеақы алды.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу