Диссертацияны қорғау кезіндегі жарияланымдарға қойылатын талаптар қайта қаралды

1306

ҚР БҒМ-нің тиісті Бұйрығы ҚР ӘМ-де тіркелді. 

Диссертацияны қорғау кезіндегі жарияланымдарға қойылатын талаптар қайта қаралды

"Бұған дейін докторант қорғау кезеңіне дейін жету үшін 7 мақала жариялауға тиісті болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін докторанттар сапасы күмән тудыратын журналдарда жарияланымдар жасауға мәжбүр болды. Біздің ғалымдардың мақалалары халықаралық базалардан алынып тасталған, түкке тұрмайтын журналдарда жарияланған кездер де болатын.Осыған байланысты біз бұл тәжірибені өзгерту бойынша шешім қабылдадық, – деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов Фейсбукте.

Енді қарапайым ереже жұмыс істейтін болады – сапасы төмен журналдарда 7 мақала жариялағанның орнына, жоғары квартильге кіретін басылымдарда мақалалар жарияланса жеткілікті.

Ал бірінші квартиль құрамына кіретін журналдарда бір ғылыми мақала шыққан болса, өзге жарияланымдар талап етілмейді.

Бұл шара сапасыз жарияланымдардың санын азайтып, жүктемені жеңілдетеді және ғалымдарды дәйексөздері таралу бойынша жоғары деңгейдегі оригиналды ғылыми мақалалар жазуға ынталандырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу