Дизель бағасын келісіп қымбаттатқан компаниялар жазаланды

868

Дизель бағасын келісіп қымбаттатқан компаниялар жазаланды

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматыда дизель отынын сатушылардың бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетін анықтады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Royal Petrol, "Гелиос", "ГазӨнеркәсіп Мұнай" ,Sinooil компаниялары 2018 жылдың сәуірі мен тамыз аралығында дизель отынының бағасын келісіп көтерген.

"Осыған байланысты департамент нарықтағы аталған субъектілерге қатысты ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 170-бабы1 - 1 бойынша заңсыздық әрекетке барғандығы жайлы хабарламалар беріп, шара қарастырылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу