Дизель отыны шетелдіктерге екі есе қымбат бағамен сатылады

759

Елімізде бүгіннен бастап дизельге енгізілген сараланған тариф күшіне енді, деп хабарлайды Atameken Business 

Дизель отыны шетелдіктерге екі есе қымбат бағамен сатылады

Энергетика министрлігі мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы бұйрыққа осыдан бір екі апта бұрын қол қойған болатын. Себебі арзан жағармайымызды сыртқа тасымалдайтындар көбейіп, ішкі тапшылық туындай бастаған еді. Енді бүгіннен бастап  шетелдіктерге дизель тек 450 теңгеге саудаланады. Ал қазақстандықтар үшін 230-260 теңге сақталады.

Дегенмен шектеу бар. Бір күнде 100 литрден көп жағармай алғыңыз келсе, қалғанын 450 теңгеге төлейтін боласыз. Сондықтан Министрлік автожанармай құю станцияларында сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін қадағалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу