Дизель отынын сатқан директорға үкім шықты

493

Дизель отынын құжатсыз сатқан "Asia TEG" ЖШС мен "Евро-Азия ТЕМП" ЖШС директоры үш жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Дизель отынын сатқан директорға үкім шықты

ҚМА хабарлауынша, ЖШС басшысы 2021 жылы Жылыой ауданында 3 мың тоннадан астам дизель отынын құжатсыз сатып алып, Маңғыстау облысына сатып, 796,5 миллион теңге көлемінде заңсыз кіріс алған. Сондай-ақ бұл азамат "Еуро-Азия ТЕМП" ЖШС директоры бола тұра, 2021 жылы құжатсыз 3 мың тоннаға жуық дизель отынын заңсыз сатып алып, Маңғыстау облысына өткізіп, 990 миллион теңге көлемінде заңсыз кіріс алған.

Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Рақымшылық туралы заңның негізінде бұл мерзім екі жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу