Дизель отынына сараланған бағалар белгіленді

619

2022 жылғы 22 тамызда ҚР Энергетика министрлігінің бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығы күшіне енді.

Дизель отынына сараланған бағалар белгіленді

Бұйрыққа сәйкес мынадай маркалы бензиннің бағасы бұрынғы деңгейде қалады: Аи-80-89 тг. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 187 тг., Қазақстанның басқа облыстарында литріне 182 тг., дизель отынының бағасы литріне 450 теңгені құрайды.

Энергетика министрлігі

Бұйрықпен Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынының лимиті өңіріне қарай күніне 100 литр көлемде бір литріне 230-260 теңге бағамен белгіленген, ал Қазақстан Республикасында көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін бекітілген лимит 300 литр үшін тәулігіне өңіріне қарай литріне 230-260 теңге бағамен сатылады.

Қалған санаттағы адамдарға, сондай-ақ көрсетілген лимиттерден жоғары дизель отыны литріне 450 теңгеден босатылатын болады.

Сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп, автожанармай құю станцияларында (АЖҚС) сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін одан әрі қадағалау үшін ақпараттық жүйені анықтауға байланысты мәселелерді пысықтауда.

Жақын арада АЖҚС өкілдерімен бірлесіп жүйелерді тестілеу өткізілетін болады. Қазіргі таңда 2019 жылы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесі" ықтимал нұсқалардың бірі ретінде қарастырылуда. Қазіргі уақытта елдің АЖҚС нақты уақыт режимінде мұнай өнімдерінің қалдықтары бойынша деректерді көрсетілген ақпараттық жүйеге беріп жатыр. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1177 қаулысына сәйкес аталған ақпараттық жүйенің операторы – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.

Айта кетсек, Argus Каспий нарығы сервисінің деректері бойынша ЕЭО-ға мүше елдерде дизель отынының құны 2022 жылғы 1 тамызда мынаны құрады: Армения – 758 тг./литр; Ресей – 446 тг./литр; Қырғызстан – 412 тг./литр; Беларусь-446 тг./литр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу