Дизельдік отынмен жүретін көлік саудасына тыйым салынады

808

Дизельдік отынмен жүретін көлік саудасына тыйым салынады

Францияда 2024 жылы жағармаймен және дизелдік отынмен жүретін автокөліктердің саудасына толық тыйым салынады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталмыш ақпарат көзінің айтуынша, елдің энергетикаға өту жөніндегі министрі Николя Юло Париж қаласында өткен елдің экологиялық ахуалын дамытуға арналған бес жылдық жоспарын таныстыру кезінде жасаған. Оның айтуынша, бұл экологияны жақсарту бағытында жасалған революциялық қадам болмақ.

Министр автокөлік компанияларына ел билігінің бұл шешімі оңай тимейтінін жасырмады. Десе де ол көптеген компаниялар іштен жану қозғалтқышынан бас тарта бастағанын да жеткізді.

Бұған қоса, министр ел аумағындағы көмір электрстанцияларының барлығы жабылатынын және ядролық электр энергиясының үлесін 75 пайыздан 50 пайызға дейін кемітілетінін мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу