Дмитрий Легкий Мәжіліс депутаты ретінде ант берді

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дмитрий Легкий ант берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Дмитрий Легкий Мәжіліс депутаты ретінде ант берді Фото: Видеодан скриншот

"Арамызға жаңа депутат келді. Биыл қазан айының соңында ҚР Орталық сайлау комиссиясы Дмитрий Легкийді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді", - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Басында Конституцияға қолын қоюды ұмытқан депутат, артынша жағдайды түзетіп Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

"Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", – деді депутат.

Енді ол Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына кіреді.

Дмитрий Легкий 1957 жылы Украинада дүниеге келген. Оның негізгі мамандығы - тарихшы. Жоғары оқу орындарында сабақ берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу