Сол кезде қылмыскерлерді анықтау мүмкін болмағанымен, қазіргі ғылыми әдістер тергеуге жаңа мүмкіндік беріп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Павлодар және Қарағанды облыстарында бірнеше жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмыстарының беті ашылды.
Тергеу барысында ДНҚ сараптамасы қолданылып, күдіктілердің жеке басы анықталған. Соның нәтижесінде бұрын тоқырап қалған істер бойынша жаңа деректер табылды.
Қазір қылмыстық істер бойынша қажетті дәлелдер жиналып, күдіктілер сот алдында жауап беруді күтуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу