Dogan медиахолдингінің екі топ менеджері Гүленмен байланысы бар деген желеумен ұсталды

874

Dogan медиахолдингінің екі топ менеджері Гүленмен байланысы бар деген желеумен ұсталды

Түркияның Dogan медиахолдингінің заң жөніндегі кеңесшісі Эрем Тургут Ючел мен бұрынғы директоры Яхья Юздиен Фетхуллах Гүленмен байланысы бар деген желеумен тұтқындалды, деп хабарлайды Deutsche Welle. Бұл туралы 7күн жазып отыр.
Желтоқсан айында тура осындай айыппен аталған медиахолдингтің топ-менеджері Барбарос Муратоглу ұсталған.
Dogan холдингі өкілдері БАҚ-на холдинг жұмысында өзгеріс жоғын, тоқтаусыз жұмыс істеп жатқанын айтқан. Алайда топ менеджерлерінің ұсталуы Dogan акцияларына әсер еткен сияқты. Станбұл биржасындағы Dogan акциялары 3,7%-ға, Hurriyet акциялары 5,1%-ға құлдыраған.

Еске салайық, аталған холдинг құрамына Hurriyet газеті, Dogan ақпарат агенттігі мен CNN Turk телеранасы кіреді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу