Докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

343

Құзырлы министрлік осындай жоспар бар екенін хабарлады.

Докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін Фото: kursiv.media

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек докторанттардың шәкіртақысы көтерілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі таңда докторанттар (PhD) ай сайын шамамен 260 мың теңге шәкіртақы алады. Соңғы бес жылда шәкіртақы екі есе көтерілді. Бұл жұмыс жалғасады. 2029 жылға дейін шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін көтеріледі. Осындай жоспар бар", – деді Саясат Нұрбек Құрылтайда өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, соңғы екі жылдың ішінде 813 жас ғалым баспаналы болған.

Айта кету керек, бұған дейін  ғылым саласындағы аудиттен кейін бірқатар жауапты тұлға қызметінен босатылғанын жазғанбыз.

Салада 51 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу