Доллар 318,88 теңгеге дейін арзандады

619

Доллар  318,88 теңгеге дейін арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 (USDKZT_TOD) теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында 20 ақпан АҚШ-та мереке күні  болғандықтан, USDKZT_TOM құралдарымен сауда-саттық жүргізілген жоқ. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 24 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 318,88 теңгені (-0,54 теңге), ал сауда-саттық көлемі – 53 100 мың АҚШ долларын (+28 200  мың USD) құрады.

 

Есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 46,5900 теңгені (-0,3050 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі – 500 мың юань (+300 мың юань) болды.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу