Доллар бағамы 4 теңгеге өсті

588

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сүйенсек, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Доллар бағамы 4 теңгеге өсті

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,17 теңгеге көтеріліп, 448,26 теңгені құрады.  

Айта кетейік, Ұлттық банктің 23-25 ​​сәуірдегі доллардың ресми бағамы 443,99 теңге.

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 448,94 теңге, сату – 452,16 теңге.  Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында валюта орта есеппен 447,19 теңгеден сатып алынып, 449,56 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу