Доллар бағамы 7 теңгеге арзандады

484

Қазақстан қор биржасының (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы құлдырауы жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Доллар бағамы 7 теңгеге арзандады

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 7,13 теңгеге төмендеп, 427,84 теңгені құрады.  

Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 мамырдағы доллардың ресми бағамы 434,76 теңгені құрайды.  

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 432,42 теңге, сату – 438,42 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 432,03 теңгеден сатып алынып, 435,42 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу