Доллар бағамы айтарлықтай әлсіреді

Қазақстан қор биржасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы құлдырауда, деп хабарлайды inbsuiness.kz.  

Доллар бағамы айтарлықтай әлсіреді Фото: zakon.kz

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,79 теңгеге төмендеп, 461,10 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 24-26 желтоқсандағы ресми бағамы долларға 461,97 теңгені құрайды.

Kurs.kz дерегінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 463 теңге, сату – 468 теңге.

Астананың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютсыа орта есеппен 462 теңгеден сатып алынып, 465 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу