Доллар бағамы қайтадан қымбаттай бастады

374

Бүгінгі доллар бағамы - 446,32 теңге.

Доллар бағамы қайтадан қымбаттай бастады Фото: inbusiness.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан өсіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі саудада доллардың орташа сараланған бағамы 0,39 теңгеге көтеріліп, 446,32 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы бойынша доллар 445,88 теңге болды.

Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,65 теңге, сату – 448,89 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,80 теңгеден сатып алынып, 449,81 теңгеден сатылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу