Доллар бағамы қайтадан өсуде: 31 қазандағы сауда қорытындысы

221

Бүгінгі доллар бағамы - 471,87 теңге.

Доллар бағамы қайтадан өсуде: 31 қазандағы сауда қорытындысы Фото: inbusiness.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бір теңгеге шаққанда 1,65-ке көтеріліп, 471,87 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 28-30 қазандағы ресми бағамы долларға 470,30 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 473,04 теңгені, сатылымы 475,50 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 470,92 теңгеден сатып алынып, 475,98 теңгеден сатылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу