Доллар бағамы шамамен 2 теңгеге арзандады

436

Қазақстан қор биржасының (KASE) доллар теңгеге қатысты тағы да құбылды. Бұл жолы ұлттық валютамыз нығайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Доллар бағамы шамамен 2 теңгеге арзандады  Фото: inbusiness.kz

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,90 теңгеге төмендеп, 445,65 теңгені құрады.  

Ұлттық банктің 21 ақпандағы ресми бағамы 447,68 теңгені құрайды.  

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446 теңге, сату – 450 теңге.  Астананың ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 446 теңгеден сатып алынып, 449 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу