Доллар бағамы шілдедегі көрсеткішке дейін түсті

76

Еуро бағамы да биржада бір тәулікте шамамен 8 теңгеге төмендеді. 

Доллар бағамы шілдедегі көрсеткішке дейін түсті Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа бағамы 530,15 теңге болды. Бір тәулікте доллар тағы 5 теңгеден аса арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биржадағы бұдан да төмен баға үш ай бұрын – 21 шілдеде (529,44 теңге) тіркелген. Осыдан кейін доллар рекорд жаңартып, 549,15 теңгеге дейін өскен еді. Кейіннен оның бағасы төмендей бастады.

Түскі саудағы Kurs.kz мәліметі бойынша айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы:

Астана: сатып алу – 526–527 тг, сату – 532–533 тг

Алматы: сатып алу – 523,7–529,2 тг, сату – 530–534 тг

Шымкент: сатып алу – 527–529 тг, сату – 531–532 тг

Еуро бағамы да биржада бір тәулікте шамамен 8 теңгеге төмендеді. Бүгін сағат 15:20-дағы орташа бағам – 616,76 теңге.

Еліміздегі айырбастау пункттеріндегі еуро бағамы:

Астана: сатып алу – 608 тг, сату – 616–620 тг

Алматы: сатып алу – 607,5–618 тг, сату – 616,5–625 тг

Шымкент: сатып алу – 610–623 тг, сату – 618–630 тг

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу