Доллар индексі көтерілді

1004

Инвесторлар Ақ үй басшысы Джо Байденнің бюджеттік шығындар пакеті туралы мәліметін күтіп отыр. 

Доллар индексі көтерілді Фото: rbc.ru

29 қаңтардағы еуропалық сауда қорытындысы бойынша доллар индексі өсті. Оның негізгі алты валютағы қатысты бағамы 0,3%-ға артып, 90,690-ға дейін жетті. 

АҚШ акцияларының фьючерстері, керісінше, күрт арзандады. Уолл-стриттің негізгі қор индекстері қазан айынан бергі ең төмен көрсеткіштерге ие болды. Қор индекстерінің құбылмалылығы салдарынан АҚШ валютасына деген сұраныс артты.

Сонымен қатар доллар индексінің өсуіне Құрама Штаттар экономикасына қатысты деректер әсер етті. АҚШ-та жұмыссыздық көрсеткіші төмендеді. Елдің ЖІӨ төртінші тоқсанда 4,0%-ға артты. 

Инвесторлар Ақ үй басшысы Джо Байденнің бюджеттік шығындар пакеті туралы мәліметін күтіп отыр. Мемлекет басшысы бұған дейін экономиканы ынталандыруға 1,9 трлн доллар бөлетінін жариялаған еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу