Доллар тағы құбыла бастады

1166

Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде 1 АҚШ валютасы 480 теңгеден сатылды, кейін оның бағамы төмендеді. 

Доллар тағы құбыла бастады

KASE-де валюталық сауда-саттық ашыла салып доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 475-ке дейін күрт әлсіреді. Бірақ аз ғана уақыттың ішінде ұлттық валюта қайта нығая бастады, деп жазды inbusiness.kz.

25 ақпанда сағат 11:00-де Қазақстан қор биржасында доллардың орташа сараланған бағамы 472,24 теңгеге тұрақтады. Бұл 24 ақпан күні таңертеңгі мәліметтермен салыстырғанда (1 доллар үшін 452,49 теңге) ұлттық валюта долларға шаққандағы бағамы 19,75 теңгеге әлсіреді. 

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттері долларды орта есеппен 465-469 бағамы бойынша саудалауда. Алматыда долларды сату 466 теңге, сатып алу 471 теңге. 

Сағат 10:30-да Алматы мен Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында 1 доллар 480 теңгеден сатылған. Кейін ұлттық валюта нығая бастады. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеріп, құбылмалылық күшейген жағдайда валюталық интервенцияларға дайын екенін мәлімдеген еді.

Ұлттық банктің 25 ақпандағы ресми бағамы 1 долларға 465,99 теңгені құрайды. Келесі күнгі теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауданың қорытындысы бойынша белгіленді.

Еске сала кетсек, 24 ақпан KASE-де алғашқы мәміле 442 теңге бағамы бойынша жасалды. Кейін ұлттық валюта құлдырай бастады. Қазақстан қор биржасында сауданың басталуы бірнеше рет кейінге қалдырылды. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттері доллар мен еуро сатуды тоқтатты. 24 ақпан ақша айырбастау орындарындағы ең жоғары бағам 474 теңгеге жетті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу