Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап өсті

835

Қазақстан қор биржасында алғашқы мәмілелер жасала басталды, деп жазды inbusiness.kz.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап өсті

Ұлттық валюта қайта әлсіреп, алғашқы мәмілелер бір долларға 444 теңгеден жасалуда. 21 сәуір бұл көрсеткіш 443 теңге шамасында болған. 21 сәуірде рубль 2,5%-ға нығайып, бір долларға 74,7-ге жеткеніне қарамастан биржада осындай өзгерістер орын алуда.

Еске сала кетсек, KASE-де 21 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,12 тиынға қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 444, 04 теңгеге тұрақтады. 

Ұлттық банктің 21 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 444, 03 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 444, 30 теңге, сатып алу – 448, 68 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 433, 52 теңгеден болса, сатып алу құны – 447, 48 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу