Алматыда долларға сұраныс жоғары

429

Бірінші кредиттік бюро Ұлттық банктің шетел валютасын сату бойынша таратқан мәліметтрінің негізінде долларға сұраныс қай өңірде жоғары екенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz.  

Алматыда долларға сұраныс жоғары Фото: inbusiness.kz

Республика бойынша жинақталған сұраныстың 40%-дан астамы тек бір қалаға тиесілі болған. Ол – Алматы қаласы. Қалада тек қараша айында ғана доллардағы нетто-сауда 83,6 млрд теңгені құрады. Бұл – биылғы ең жоғарғы көрсеткіш.

Бір ай ішінде мегаполисте долларға деген сұраныс 25,3 млрд теңгеге ұлғайған. Доллар сатып алған әрбір үш қазақстандықтың екеуі Алматы қаласында сауда жасаған деген сөз. 

Екінші орында Қызылорда облысы – 3,9 млрд теңге.

Қараша айында қазан айымен салыстырғанда еліміздің төрт өңірінде долларға деген сұраныс төмендеген. Шымкенте - 4,4%, 31,6 млрд теңге, БҚО - 2,1%, 8,1 млрд теңгеге дейін, СҚО - 11,9%, 3,8 млрд теңге және Қостанай облысында - 21%, 6,3 млрд теңгеге дейін азайған. Долларды қажет ете бермейтін тұрғындардың басым көпшілігі Павлодар облысында тұрады. Қараша айында аталған валютаға деген сұраныс бұл өңірде 2,1 млрд теңгенің шамасында болыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу