Доминикан елін басып өткен сұрапыл дауыл ел экономикасын шайқап кетті

733

 Доминикан елін басып өткен сұрапыл дауыл ел экономикасын шайқап кетті

Доминикан еліне соққан "Мария" дауылынан 15 адам қаза тауып, тағы 20 тұрғын жоғалып кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Бірақ биліктегілердің бұдан да көп адам опат болуы мүмкін деген қаупі бар. Өйткені сағатына 250 шақырым жылдамдықпен соққан дүлей жел аралдағы жүздеген үйді тас-талқан етіп, мектептерді қиратып кеткен. Байланыс үзіліп, жарық сөніп қалған. Аймақтағы басты ауруханада да су тасқынына байланысты электр қуаты өшірілген.

Жергілікті билік өкілдері: "Инфрақұрлымға үлкен нұқсан келді, оны қалпына келтіруге бірнеше ай кетеді", – дейді. Сөйтіп ел экономикасы да орасан зор шығынға батты. Қазір Доминикан елін басып өткен сұрапыл дауылдың екпіні азайып, одан төнген қауіп деңгейі 2-ші дәрежеге дейін төмендеген. Енді ол батысқа қарай Теркс және Кайкос аралына бет алып бара жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу