Доминикан Республикасымен сауда айналымы 900 мың долларға жетті

637

Доминикан Республикасымен сауда айналымы 900 мың долларға жетті

Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында жеңілдетілген визасыз жүйе енгізу қаралып жатыр. Бұл туралы бүгін Доминикан Республикасының Сыртқы саясат басшысы Мигель Варгастың елімізге жасаған алғашқы сапары кезінде айтылды, деп хабарлайды 24.kz.

Екі ел сыртқы істер министрлері кездесіп, саяси декларацияға қол қойды. Астана мен Санто-Доминго сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және саяси байланыстарды нығайтып, туризмді дамытуға уағдаласып отыр.

Айта кетейік, былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы шамамен 900 мың долларға жеткен. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  1 жарым есеге көп. Сондай-ақ Доминикан Республикасы ЭКСПО көрмесіне белсене қатысып, көпшілікке өз экспозициясын таныстырады.

Айта кетейік, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 2011 жылы орнаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу