Доминиканда министр оққа ұшты

546

Оны досы атып өлтірген. 

Доминиканда министр оққа ұшты

6 маусымда Доминикан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Орландо Хорхе Меруді жұмыс орнында отырған кезінде ер адам атып өлтірді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Омеро Фигероа мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Біздегі ақпаратқа сәйкес, министр өз кеңсесіндегі шабуыл нәтижесінде таңертең қайтыс болды. Министрді атып өлтірген Мигель Крус – оның досы", – деді ол.

Қазіргі уақытта қаскөй қамауда отыр. Мамандар оның мұндай қадамға баруына не түрткі болғанын анықтап жатыр. 

Фигероа Доминикан Республикасы президентінің атынан Орландо Хорхе Мерудің отбасына көңіл айтты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу