АҚШ-та 500 мың балаға инвестициялық шот ашылды. Бұл туралы президент Дональд Трамп мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бастаманың басты мақсаты – жасөспірімдерді қаржы жинауға баулып, инвестициялық сауатын арттыру. Шот иелері қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін пайдалана алады. Бағдарламаны қолдаушылар игі бастама қаржылық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді деп есептейді.
Сарапшылардың пікірінше, табысы төмен отбасылар оның мүмкіндігін толық пайдалана алмауы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу