Дональд Трамп Ауғанстандағы қарулы күштерін күшейтуге рұқсат берді

849

Дональд Трамп Ауғанстандағы қарулы күштерін күшейтуге рұқсат берді

АҚШ президенті Дональд Трамп қорғаныс министрі Джеймс Мэттиске елдің Ауғанстандағы қарулы күштерін күшейтуге рұқсат берді. Бірақ әзірге Пентагон бұл бағытта еш шешім қабылдаған жоқ деп хабарлайды 24.kz.

Қазір ауған жерінде 8 мыңнан аса америкалық әскери бар. "Вашингтон пост" газеті болса Ақүй ауған жеріне тағы 3 мың сарбаз аттандырып, НАТО-дан осындай көлемдегі құраммен қамтамасыз етуді сұрауы ықтимал екенін жазады.

Айта кетейік, мамыр айында қорғаныс министрінің өкілі генерал-лейтенант Винсент Стюарт конгрессте баяндама жасап, АҚШ пен НАТО-ның Ауғанстандағы стратегиясын өзгертуін ұсынған. Себебі "Талибан" радикалды қозғалысының ықпалы артып, бой бермей кетуі мүмкін. Ал соңғы уақытта негізінен ауылды жерлерді бақылап отырған тәліптер ірі қалаларға шабуылын жиілетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу