Дональд Трамп Барак Обаманың 70%-ға жуық жарлығының күшін жоймақшы

859

Дональд Трамп Барак Обаманың 70%-ға жуық жарлығының күшін жоймақшы

АҚШ-тың  сайланған президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскен соң  қазіргі мемлекет басшысы Барак Обаманың шешімімен қолданысқа енгізілген жарлықтардың 70 пайызға жуығын тоқтатпақшы. Бұл туралы  Трамптың көшпелі командасының мүшесі, Конгрестің өкілдер палатасының бұрынғы спикері Ньют Гингрич Fox News-ке берген сұхбатында мәлім етті.
Республикалық партия өкілінің айтуынша, ол үшін білікті заңгерлер жұмыс жүргізуі қажет, деп хабарлайды lenta.ru.

Қызметінен босаған президенттің саясатын Гингрич қызбалық деп бағалады.

Ол Барак Обаманың республикалықтар ащы сынға алған денсаулық сақтау саласындағы реформасына жеке тоқталған.  Гингричтің пікірінше,  егер ол елдің жетекші қос партиясына иек артқан болса, оның бұл ісінің жемісі ұзақ әрі бекем болатын еді.

Дей тұрғанмен,  аталмыш реформаға көңілі толмайтын республикалықтар бұл заңды немесе оның бөлімінің күшін қалай жоятындығы белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу