Агенттіктің мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп өзі құрған "Бейбітшілік кеңесінің" төрағасы қызметін президенттік өкілеттігі аяқталғаннан кейін де сақтап қалуы ықтимал, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұйым жарғысының жобасына сәйкес, Трамп бұл лауазымды өз еркімен отставкаға кеткенге дейін атқара алады.
Құжатта кеңес шешімдері көпшілік дауыспен қабылданғанымен, олардың барлығын бекіту құқығы төрағаға тиесілі екені көрсетілген.
Сонымен қатар, ұйымның қаржысын басқару да Трамптың құзыретінде болмақ.
Бұған дейін Ақ үй басшысы Трамп "Бейбітшілік кеңесінің" жарғысына 22 қаңтарда қол қоятынын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу