Дональд Трамп Еуропаға қарсы сауда соғысын жариялады

719

Дональд Трамп Еуропаға қарсы сауда соғысын жариялады

Дональд Трамп Еуропаға қарсы сауда соғысын жариялады. Бүгіннен бастап АҚШ-қа Еуро аймақтан, Канада мен Мексикадан тасымалданатын болатқа 25 пайыз, алюминийге 10 пайыз баж салығы енгізілді. Ондағы мақсат – жергілікті нарықты қорғау, деп хабарлайды Atameken Business.

Негізі, шектеу осыдан 2 ай бұрын салынған. Бірақ Ақ үй одақтастарына "жеңілдік" жасап, оны кейінге шегерген болатын. Осы уақыт аралығында тараптар сауда саясаты бойынша ортақ мәмілеге келуге  тиіс еді. Алайда  келіссөздер сәтсіз аяқталды.

"Экономикасының әлеуеті мықты, 18 трлн доллары бар біздің ел үшін ЕО қарымта қайтарса да еш әсер етпейді. Олар Американың бірқатар тауарларына тарифты арттырса да, сатылым нольге тең деуге келмейді. Ауыл шаруашылығына қатысты басқа нарық табуға болады. Қытайға қатысты да айтарымыз осы. Мақсатымыз өзгерген жоқ. Онда көбірек тауар өткізіп, саудаға қатысты кедергілерді жойғымыз келеді", - АҚШ-тың сауда министрі Уилбур Росс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу