Дональд Трамп: Иракта бірде-бір америкалық қаза таппады

1085

Ол АҚШ-тың озық қаруларын Иранға қарсы қолданғысы келмейтінін жариялады.  

Дональд Трамп: Иракта бірде-бір америкалық қаза таппады

АҚШ президенті Иранның Ирактағы америкалық базаларды шабуылдауынан бірде-бір америкалық әскеридің қаза таппағанын мәлімдеді. Керісінше, олардың қазір қауіпсіз жерде аман-сау екенін және Құрама Штаттардың кез келген шабуылға  дайын екенін айтты. Өз сөзінде ол Иран ешқашан державаға айналмайтынын және Иран қазір таңда бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырғанын тілге тиек етті.

"Иран қазір артқа шегініп жатыр, бұл бүкіл әлем үшін өте жақсы жаңалық... Ұлыбритания, Ресей, Германия және Франция қазір әлемде болып жатқан жайттарды мойындауы тиіс...", – деді Трамп.

Сөз соңында Ақ үй басшысы АҚШ-та мықты озық үлгідегі қарудың бар екенін, бірақ оларды Иранға қарсы қолданғысы келмейтінін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу