Дональд Трамп Иранға тағы да сес көрсетті

193

Тегеран жауап берді.  

Дональд Трамп Иранға тағы да сес көрсетті Фото: kun.uz

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Иорданиядағы америкалық нысандарға жасаған шабуылынан кейін қарымта жауап берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап. 

"Біз оларға аяусыз соққы береміз. Жауап міндетті түрде болады", – деді ол Fox News-ке берген сұхбатында.

Ақ үй басшысының айтуынша, Тегеран сегіз баллистикалық зымыран ұшырған, олардың басым бөлігі атып түсірілген. Трамп Truth Social желісінде Иранның қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.

"Иран ресми түрде күйреген мемлекетке айналды. Бұл ел жойылды", – деді АҚШ президенті.

Оның сөзінше, Иранда толыққанды флот пен авиация жоқ, валютасы тұрақсыз, ал ел билігі "хаосқа тап болған".

Енді Тегеран АҚШ-қа бұдан да ауқымды эскалация болады деп ескертті. Иранның жоғары лауазымды шенеунігі Reuters агенттігіне берген сұхбатында АҚШ тарапынан жасалатын кез келген жаңа соққыға "ондаған есе қатаң" жауап берілетінін мәлімдеді. Сонымен бірге Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы бұрынғыдан да қиындауы мүмкін екені айтылды.

Washington Post басылымының жазуынша, АҚШ әскери басшылығының бір бөлігі бұл науқанның ұзаққа созылуынан қауіптенеді. Таяу Шығыста 50 мыңнан астам америкалық әскери қызметші бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу