Дональд Трамп Канада билігімен бітімге келе алмады

185

АҚШ басшысы Канаданың америкалық компанияларға салық енгізгені үшін сауда келісімі болмайтынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дональд Трамп Канада билігімен бітімге келе алмады Фото: Reuters

АҚШ пен Канада бір-біріне сауда тарифтерін енгізуге бел байлады. Сонымен қатар Дональд Трамп көршілес елді аннексиялаймын деп бірнеше мәрте қайталады. Дегенмен тараптар шілде айының ортасында тіл табысуға тағы ұмтылады.

Кеше Трамп әлеуметтік желіде америкалық технологиялық компанияларға салынған үлкен салыққа байланысты келіссөздерді тоқтататынын мәлім еткен еді.

Алдағы аптада АҚШ Канададан келетін импортқа жаңа тарифтерді жариялауға әзірленбек. Әзірге олардың мөлшері қанша болатыны нақтыланбады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу