Дональд Трамп: Қазақстан халқына қуанышты да бақытты Наурыз тілеймін

972

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Дональд Трамп: Қазақстан халқына қуанышты да бақытты Наурыз тілеймін

СІМ баспасөз қызметі АҚШ Президентінің құттықтау хатын жариялады.

Құттықтаудың бейресми аудармасы:
 

Құрметті Президент мырза, Сізге, Сіздің отбасыңызға және Қазақстан халқына қуанышты да бақытты Наурыз тілеймін. АҚШ-та, Қазақстанда және бүкіл әлемде Наурыз бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі бола отырып, адамдарды достыққа біріктіретін мейрам.

Биылғы жылы біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Сіздің америкалық бизнес үшін қолайлы болып табылатын реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Сондай-ақ, біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін болашақ мүмкіндіктерді жасауға ниетті екенімді білдіремін. Наурыз құтты болсын!

Ізгі тілекпен, Дональд Трамп

АҚ ҮЙ
ВАШИНГТОН
20 наурыз 2020 ж.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу