Дональд Трамп кезекті праймеризде жеңіске жетті

427

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Оңтүстік Каролинадағы алғашқы сайлауда 60,8 пайыз дауыс жинап, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дональд Трамп кезекті праймеризде жеңіске жетті Фото: wsws.org

Бұл оның партия ішіндегі қарсыласы Никки Хейлидің туған штаты еді. 

Ал АҚШ-тың БҰҰ жанындағы бұрынғы Тұрақты өкілі және бұрынғы штат губернаторы Никки Хейли 38,6 пайыз дауыс жинаған.

Ақпан айының басында Трамп Невада штатындағы партия жақтастарының жиналыстарында (кокустарда) жеңіске жеткен еді. Ал оның басты қарсыласы Никки Хейли ол кезде мүлдем дауыс жинаған жоқ. Өйткені оның кандидатурасы тіпті талқыланбады.

Өз штатындағы праймеризде жеңілгеніне қарамастан, Оңтүстік Каролинаның бұрынғы губернаторы Никки Хейли АҚШ-тағы президенттік сайлауда республикалық партияның атынан өкілдік ету құқығы үшін күресті жалғастыратынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу