Алайда бірқатар өңірде, соның ішінде Конго Демократиялық Республикасы және Камбоджа мен Таиланд шекарасында әскери жанжалдар қайта өршіген.
Армения мен Әзербайжан
8 тамызда Дональд Трамп Армения мен Әзербайжан басшыларын кездестіріп, 1980-ші жылдардың соңынан бері жалғасып келе жатқан дауды тоқтатуды көздейтін бірлескен декларацияға қол қоюға ықпал етті. Дегенмен бұл құжат толық бейбіт шарт деңгейіне жетпеді, даулы мәселелер әлі де сақталып отыр.
Камбоджа мен Тайланд
Таиланд пен Камбоджа арасындағы 5 күндік әскери қақтығыстан кейін АҚШ президенті Тайландты келіссөзге көндіріп, атыс аяқталғанға дейін екі елмен сауда келісімдерін тоқтататынын ескертті. Бірақ шиеленіс әлі де толық шешілмеген.
Израиль, Иран және Палестина
Трамп араласқан тұтқындарды босату және атысты тоқтату туралы келісімнің алғашқы кезеңіне екі тарап келісті. Дегенмен Израиль мен палестиналық "Хамас" бір-бірін бітімді бұзды деп бірнеше рет айыптады. Негізгі түйткілдер – "Хамастың" қарудан айырылуы, Газаны басқару және халықаралық қауіпсіздік күштері.
Руанда және Конго Демократиялық Республикасы
4 желтоқсанда Трамп Вашингтонда Конго мен Руанда басшыларын кездестіріп, бейбітшілік жоспарларын мақұлдауға ықпал етті. Алайда қақтығыстар әлі жалғасуда.
Үндістан мен Пәкістан
4 күндік соғыстан кейін 10 мамырда атысты тоқтату туралы келісім жасалған. Трамп Нью-Дели мен Исламабадты мәмілеге көндіру үшін сауда қысымын пайдаланғанын мойындады. Дегенмен негізгі даулар шешілген жоқ.
Мысыр мен Эфиопия
"Ұлы Эфиопия Ренессансы" су бөгеті бойынша дау әлі жалғасуда. Трамптың араласуымен кейбір келіссөздер жасалғанымен, Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед нысанды ашты.
Сербия және Косово
Трамптың бірінші мерзімінде жасалған экономикалық келісімдерге қарамастан, екі ел арасындағы шиеленіс әлі сақталып отыр.
Ресей және Украина
Трамп 2024 жылғы сайлау науқаны кезінде Украинадағы соғысты 1 күнде тоқтата алатынын айтқан еді. Алайда қақтығыс әлі шешілмеген, зардап шеккендер саны миллионнан асады.
Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея
2017-2021 жылдары Трамп пен Ким Чен Ын үш саммит өткізді. Дегенмен Солтүстік Корея соңғы жылдары ядролық қару әлеуетін арттырды және көршілерінен көмек алды. Екінші мерзімінде Трамп Солтүстік Кореяны "ядролық держава" деп мойындауға мәжбүр болды.
Дональд Трамп бірнеше қақтығысқа араласып, кейбір келісімдерге ықпал етсе де, толық бейбіт шешімдер әлі де орындалмаған. Оның "талай соғысты тоқтаттым" деген мәлімдемесі толық фактімен сәйкес келмейді.