Дональд Трамп Пентагонға ядролық қаруды сынауды дереу бастауды тапсырды

548

Оның айтуынша, әлем бойынша АҚШ-та ең ірі ядролық қару бар.

Дональд Трамп Пентагонға ядролық қаруды сынауды дереу бастауды тапсырды Фото: Evan Vucci/AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагонға ядролық қаруды сынақтан өткізуді дереу бастауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақ үй басшысы бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазған. 

"Ресей екінші орынға орналасты, ал үшінші орында тұрған Қытай бес жыл ішінде теңеседі. Басқа елдердің ядролық сынақ бағдарламаларына байланысты Қорғаныс министрлігіне ядролық қаруымызды тең негізде сынақтан өткізуді бастауды тапсырдым. Бұл іс дереу басталады", – деп жазды Трамп.

Айта кету керек, бұған дейін Оңтүстік Корея кедендік баж салығын төмендету үшін АҚШ-қа 350 млрд доллар төлейтінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу