Дональд Трамп президент болса Капитолийге басып кірді деп айыпталғандарды кешірмек

1518

АҚШ-тың бұрынғы президенті Украина шекарасын емес, Америка шекарасын "күзету" керек деп есептейді. 

Дональд Трамп президент болса Капитолийге басып кірді деп айыпталғандарды кешірмек

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамп егер 2024 жылы президент болып сайланса, бүлікшілер мен Капитолийге басып кірді деп айыпталғандарды кешіретінін айтты, деп жазды inbusiness.kz тілшісі Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

"Егер мен жеңіске жетсем, біз бұл адамдарға әділ қарайтын боламыз. Ал егер кешірім талап етілсе, біз оларды кешіреміз, өйткені оларға әділетсіздік жасалған", – деді Трамп Техастағы жақтастарымен кездесуінде.

Шабуылға қатысты ауқымды тергеуге байланысты 700-ден астам адам қамауға алынып, оларға айып тағылды.

Трамп сонымен қатар 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарынан кейін Қытай мен Тайвань арасында белгілі бір өзгерістер болатынын ескертті.  Ол Президент Джо Байден әкімшілігін Қытаймен қарым-қатынас орнатуда дәрменсіз деп айыптады.

"Мен жақсы болжаушымын, Олимпиададан кейін Тайвань мен Қытай арасында не болатынын көрейік", – деді Трамп.

Оның айтуынша, қазіргі АҚШ әкімшілігі Украинаны қорғауға тым көп көңіл бөледі.

"Вашингтондықтардың бәрі Украина шекарасын қалай қорғауға болатыны туралы ойлайды. Бірақ қазір біз үшін әлемдегі ең маңызды шекара – бұл Украина шекарасы емес, бұл Америка шекарасы. Адамдарды кіргізіңіз, біз олардың кім екенін де білмейміз", – деді бұрынғы президент.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу