Дональд Трамп сайлауалды жоспарын жүзеге асыруға кірісті

1054

Дональд Трамп сайлауалды жоспарын жүзеге асыруға кірісті

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің сайлауалды жоспарларын, қарсылыққа қарамастан жүзеге асыра бастады, деп хабар таратты Хабар 24.kz.

Оның алғашқы жарлықтары АҚШ түгілі одан тысқары елдерде де елеулі наразылық туғызды. Бірақ Ақ үйдің жаңа қожайыны мұндай шараларға шамданбай, Американы бұрынғыдан да күшті мемлекетке айналдырмақ ниетте. Американың болашағын бұлыңғыр еткен дүдамалдау жаңа дәуір басталды деп әлемнің ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Қоғамдық орындарда да бұл тақырып жұрт аузынан түспей тұр. Дональд Трамптың өзі әлемді таң қалдырмаққа уәде еткен еді. Ол ойы да іске асқандай. Оның алғашқы жарлықтары Құрама Штаттардан тыс жерлерде де дауға айналды. Өйткені оның бұл жоспары ел экономикасы мен саясатына, одан қалды, халықаралық қатынастарына да әсерін тигізбей қоймады. Сондықтан саясаткерлер, Нобель сыйлығының лауреаттарымен қатар Голливуд жұлдыздары да жаңа басшыға қарсы жаппай наразылық танытуда. Ал Дональд Трамп болса, кезекті жарлықтарына сенімді түрде қол қойып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу