Дональд Трамп Twitter-ге қайта оралады

649

Әлеуметтік желіні сатып алған Илон Маск өмір бойына бұғаттау пәрменін алып тастамақ.  

Дональд Трамп Twitter-ге қайта оралады Фото: Getty Images

Миллиардер Илон Маск өзінің басшылық қызметіне кірісіп, компанияның топ-менеджерлерін жұмыстан шығарды. Ол бұрынғы бас директор Парага Агарвалдың орнына компанияны басқаруды ұйғарды, деп хабарлайды Bloomberg.

Енді компанияның жаңа иесі желідеге контентті модерациялау мен жарнама жариялау тәсілін түбегейлі өзгертеді деп күтілуде. Сонымен қатар, басылымда Маск АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа қолданылған өмір бойына бұғаттау пәрменін жойғысы келетіні хабарланды.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың өзі Twitter әлеуметтік желісінің Илон Масктың басқаруына өткенімен кәсіпкерді құттықтап, алдағы күндері өз аккаунтын қалпына келтіру мүмкіндігі туралы мәлімдеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу