Дональд Трамп жаңа иіссу шығарды

233

Иіссу ерлер мен әйелдерге арналған.  

Дональд Трамп жаңа иіссу шығарды Фото: mlyn.by

АҚШ президенті Дональд Трамп Victory 45-47 атты жаңа иіссу шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақ үй басшысы екі парфюмді 2016 және 2024 жылдары болған президент сайлауындағы жеңістеріне арнады.

"Трамптың хош иістері. Олар Victory 45-47 деп аталады. Себебі бұл Жеңіс, Күш пен Табыс деген сөз. Иіссу ерлер мен әйелдерге арналған. Өзіңізге біреуін алып, жақындарыңызға да сыйлауды ұмытпаңыз", – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Иіссулар екі нұсқада шығарылған. Қара түсті флакон ерлерге арналса, қызыл түстісі әйелдердің құрметіне жасалынған. Әтірдің қақпағында АҚШ президентінің алтын жалатылған мүсіні тұр. Ол флаконнан екі есе үлкен. Әтір бағасы 199 доллардан 249 долларға дейін барады.

Бұл Трамптың атынан шығарылған бірінші иіссу емес. Өткен жылы Ақ үй басшысына жасалған қастандықтан кейін Fight! Fight! Fight! атты иіссу да сатылған. 

Бұған дейін Дональд Трамп қол сағатын, кроссовки, гитара, кітаптар және $TRUMP деп аталатын криптовалютаны сатылымға шығарған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу