Дональд Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

756

Мұндай бастаманы демократтардың дені қолдап отыр.  

Дональд Трампқа импичмент жариялау ұсынылды Фото: newrepublic.com

АҚШ-та Президент Трампқа импичмент жариялау туралы қарар ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Демократтардың пікірінше, Ақ үй басшысының Иранның ядролық нысандарына соққы жасау туралы шешімі заңсыз.

Өйткені Конституцияға сай, Америкада қарулы операция бастау үшін алдымен Конгресстің келісімі қажет. Президент өз бетінше шешім қабылдай алмайды.

Сарапшылар: "Қарар өкілдері палатасынан өткенімен, Сенат қабылдамайды", – деп отыр.

Себебі, республикашылардың, яғни президент Трамп жақтастарының ықпалы күшті. Ақ үй басшысына импичмент жариялау осымен төртінші мәрте ұсынылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу