Ақ үй басшысының Азияға сапары басталды: Трамп Қытайда Ким Чен Ынмен кездесуі мүмкін

975

Азия сапары бірнеше күнге созылады.

Ақ үй басшысының Азияға сапары басталды: Трамп Қытайда Ким Чен Ынмен кездесуі мүмкін Фото: Doug Mills/The New York Times

Сапар аясында Трамп АТЭС саммиті кезінде Ресей президенті Владимир Путинмен және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Economist басылымына сілтеме жасап. 

Трамп бұл жолғы сапарын ауқымды сапар деп атап, Қытайда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуі мүмкін екенін айтқан болатын.

19 қарашада Трамп, Си Цзиньпин және Владимир Путиннің кездесуі ядролық қаруды таратпау мәселесіне арналмақ. Сондай-ақ Иран мен Украинадағы қақтығысқа баса назар аударылады.

17 қарашада алдымен АҚШ президенті Филиппинге барады. Онда Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) жыл сайынғы саммиті өтіп жатыр. Шараға Трамп қадірлі қонақ ретінде қатысады. 

Бұдан кейін Трамп Жапония, Үндістан және Аустралия өкілдерімен Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ Таиландпен сауда келісіміне қол қойып, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің басшыларымен және аймақтың өзге де жетекшілерімен өтетін кешкі асқа қатысуды жоспарлап отыр.

Сәрсенбі күні АҚШ президенті Филиппин президенті Фердинанд Маркоспен президент сарайында түскі ас өткізбекші. Одан кейін Қытайдың Шэньчжэнь қаласына аттанады. Онда АТЭС саммиті аясында Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің басшыларымен кездеседі.

Ал бейсенбі күні Владимир Путин және Си Цзиньпинмен жүздеседі.

Сондай-ақ бұл сапарда АҚШ президентіне Tesla және SpaceX компанияларының бас директоры Илон Маск еріп баратыны хабарланды. Алайда ол Путин және Си Цзиньпинмен өтетін кездесуге қатыспайды.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы күндері өтетін келіссөздер Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы күштер тепе-теңдігіне және АҚШ-тың Қытаймен арадағы күрделі сауда қарым-қатынасына айтарлықтай ықпал етпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу