Осыған дейін Дональд Трамптың аты жазылған мерейтойлық монета идеясын да бірқатар саясаткер сынға алған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дәстүр бойынша АҚШ валютасында тірі адам портретін қолданбау бұрыннан бар. Яғни, елде тірі адамның бейнесін валютаға салуға болмайды.
Десе де, тірі адамдардың, әсіресе қазіргі немесе бұрынғы президенттердің портретін банкноттар мен монеталарға басуға тыйым салуды көздейтін заң жобасы енгізілген. TRUMP Act of 2025 деп аталатын бастама тірі тұлғалардың бейнесін кез келген валюта түрінде қолдануға жол бермеуді міндеттейді.
Сенаторлар Джефф Меркли мен Кетрин Кортес Масто тірі президенттің бейнесін валютада қолдану "америкалық дәстүрге қарсы" екенін айтып, бастаманы қолдап отыр. Заң жобасы қабылдануы үшін Конгресстің екі палатасы мақұлдап, президент қол қоюы қажет.