"Доңға" кен орнына шамамен 70 млрд теңге инвестицияланады

773

Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, жоба мұнай өндіру деңгейін 25%-ға арттыруды қамтамасыз етеді.

"Доңға" кен орнына шамамен 70 млрд теңге инвестицияланады

Total компаниясы 2021 – 2025 жылдары Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы "Доңға" кен орнын игерудің үшінші кезеңін іске асыруға шамамен 70 млрд теңге инвестициялайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жылына қазіргі 680 мың тоннадан 860 мың тоннаға дейін артады және құрылыс жұмыстары кезінде 400-ге жуық жұмыс орны құрылады", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу