"Досын құтқармақ болған": Ингушетияда суға кеткен 8 жасар бала әлі табылмай жатыр

293

Мыңдаған ерікті баланы іздеп жатыр.  

"Досын құтқармақ болған": Ингушетияда суға кеткен 8 жасар бала әлі табылмай жатыр Фото: amp.ren.tv

Ингушетияның Қарабұлақ қаласында 8 жастағы бала әлі табылмай жатыр. Ол досын құтқармақ болып өзі суға кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты. 

8 жастағы Хизир 15 маусым күні із-түссіз жоғалып кетті. Содан бері оның қайда екені әлі белгісіз. Хизир суға батып бара жатқан досы Адамды құтқару үшін өзенге секірген. Адам ағаштың бұтақтарына жармасып, аман қалған, ал Хизирді қатты ағыс алып кеткен. Олардың қасында болған үшінші бала көмек шақыруға жүгірген. 

Іздеу жұмыстарының жүргізілгеніне бесінші тәулік болды. Әлеуметтік желіде тараған кадрларда кішкентай баланы іздеуге мыңдаған адамның жұмылғанын көруге болады. Еріктілер өзен арнасын, жағалаудағы аумақтарды және маңайдағы алқаптарды тексеріп жатыр.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, толассыз жауған жауын-шашыннан кейін Сунжа өзеніндегі су деңгейі айтарлықтай көтерілген. Ағыс күшейіп, су лайланып кеткендіктен, іздеу жұмыстары айтарлықтай қиындаған. Лай су сүңгуірлердің көру мүмкіндігін шектеп, баланы іздеуге кедергі келтіруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу