Дрондар шабуылынан кейін Сауд Арабиясы мұнай экспортын қысқартты

1048

Елдің ішкі қоры қыркүйектің басынан бері 10 млн баррельге қысқарып, қазіргі көлемі 56 миллион баррель болды. 

Дрондар шабуылынан кейін Сауд Арабиясы мұнай экспортын қысқартты

14 қыркүйектегі шабуылдан кейін елдегі қара алтын экспортының бір күндік өндірісі 1,5 млн баррельге азайған. Бұл туралы CNBC басылымы хабарлады. 

Қазір Saudi Aramco компаниясының сауда бөлімшесі көршілес елдерден, атап айтқанда Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктерінен өз міндеттемелерін орындау мақсатында мұнай сатып ала бастады. S&P Global Platts дерегі бойынша, корольдік дизельдік отынды БАӘ мен Үндістаннан сатып алуда. 

Kpler және ClipperData Сауд Арабиясынан шикізаттың экспортталуы айтарлықтай төмендегенін жариялады. Елдің ішкі қоры қыркүйектің басынан бері 10 млн баррельге қысқарып, қазіргі көлемі 56 миллион баррель болды. Десе де Эр-Риядтың Роттердам мен Мысырда мұнай қоры бар.  

ClipperData-ның тауарлық нарықты зерттеу департаментінің директоры Мэтт Смит: "Саудиялық экспорт көлемі шабуыл жасалғаннан бері күніне 7 млн баррель болуы керек еді, бірақ қазір көрсеткіш 5,5 млн баррельді құрап отыр", – деді.

Kpler сарапшысы Рид Айэнсон елдегі мұнай өндірісінің бір тәуліктегі көлемі 1 млн баррельге кеміп, көрсеткіштің күн сайын құбылып жатқанын мәлім етті.  

Бұған дейін Сауд Арабиясының ханзадасы Әбделәзиз бен Салман мен Saudi Aramco компаниясының өкілі жоғалған мұнай қоры осы айдың соңына дейін қалпына келетінін айтқан болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу