ДСМ: 11 218 адам коронавирустан емделіп жатыр

554

Денсаулық сақтау министрлігінің 24.11.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

ДСМ: 11 218 адам коронавирустан емделіп жатыр

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 218 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 650 бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 7 929 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 211 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің бүгінгі ақпаратында.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте жаңадан 678 жағдай тіркелгенін хабарлады. Осылайша елімізде індет тіркелгелі вирус жұқтырғандар саны 126860 адамға жетіп отыр. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу